Хакерлердің Қазақстан банктеріне шабуылы көбеюі мүмкін – ҰҚК
Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Банктердің ақпараттық жүйелеріне вирустық шабуылдардың күшеюі болжанып отыр. Бүгін Астанада кибершабуылдарға тосқауыл қоюға арналған форумда ҰҚК-ның Мемлекеттік техникалық қызметіндегі зиянды кодтарды зерттеу зертханасының жетекшісі Олег Биль осылай мәлім етті.
«Мемлекеттік емес сектордағы ірі ұйымдар біздің көмегімізге жүгінбейтіні өкінішті. Сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар да өздерінің проблемаларымен бізге келмейді. 2017 жылы дәл осы шарада бірқатар болжамдарды айтқан болатынмын. Мысалы, банктерге жасалатын шабуылдарға тоқталсам, бұл тұрғыда клиенттер, ішкі процестер, постерминалдар, банкоматтар, сауда нүктелері секілді барлық секторлар қамтылды. Болжамым дәл келіп, осы қатерлер Қазақстанға келді. Біз білеміз, Қазақстан банктеріне қатерлі шабуылдардың бірі орын алды. Осы орайда бұл шабуылдың өсімін болжап отырмыз. Әзірге, бізді Ресей құтқарып келеді. Неге? Себебі оларда әлсіз қорғалған ұсақ банктер өте көп. Сондықтан хакерлер салыстырмалы түрде біздің ірі банктерге шабуыл жасауды қажетсінбей тұр», – деп тоқталды О. Биль.
Оның сөзіне қарағанда, өзге де болжамдар орындалған көрінеді. Мәселен, маңызды нысандарға шабуыл жасаудың әдісі өзгерген, яғни хакерлер қорғанысты айналып өтуге машықтанып алды.
Бұл тұрғыда Оңтүстік Кореяда ірі компанияның инфрақұрылымы істен шығып қалды. Атап айтқанда, хакерлерге ақша төлесе, олар кез келген кәсіпорынның ақпараттық жүйесін бұзуға қауқарлы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, форум барысында Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағаcының орынбасары Руслан Әбдіқалықов елімізде кибершабуылдар толқыны күшеюі мүмкін екені айтқан болатын.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:03, 20 қараша 2025
20 қарашада доллар бағамы тағы төмендеді
-
11:09, 20 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбас пункттеріндегі валюта бағамы– 20 қараша
-
16:11, 19 қараша 2025
19 қарашада доллар саудасында тағы да төмендеді
-
12:36, 19 қараша 2025
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары – 19 қараша
-
16:12, 18 қараша 2025
18 қарашада доллар арзандады





