Finprom: Инвесторлар ауыл шаруашылығына қызықпайды

09:57, 24 наурыз 2017

2016 жылы ауыл шаруашылығы Қазақстанның әлсіреген экономикасына қолдау көрсеткенімен, оның инвестициялық тартымдылығы әлі де төмен. Агросекторға келген инвестиция бар-жоғы 3,3 пайызға өскен. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

2016 жылы біршама өскеніне қарамастан, Қазақстанның агросекторына құйылатын қаржы басқа салалармен салыстырғанда төмен. Өткен жылы ауыл шаруашылық кәсіпорындарына бағытталған инвестиция  51 пайызға артып, 253 млрд теңгені құраған.

Бірақ, ел экономикасының басқа секорларына барған инвестиция көлемімен салыстырғанда бұл саланың көрсеткіш өте төмен. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, ол 2,4 пайыздан 3,3 пайызға дейін ғана артқан.  Агенттк сарапшыларының айтуынша, инвесторлардың ауыл шаруашылығына «қызықпауы» ондағы тәуекелдің жоғары екенін көрсетеді. Екіншіден, — дейді мамандар, — бұған өз кәсібіне қаржы тарта алмай отырған ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің қабілеті де себеп болып отыр.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!