Энергетика министрлігі АИ-92 маркалы бензин бағасы уақытша көтерілуі мүмкін деп болжайды

14:59, 19 қазан 2017

Астана. 19 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев АИ-92 маркалы бензин бағасы уақытша көтерілуі мүмкін екенін айтты.

«Қазіргі уақытта бензин бағасы белгілі бір деңгейде қымбаттап жатыр. Бұл (АИ-92 литрі) 165 теңге деңгейінде болады деп ойлаймыз. Бензинді жеткізудегі дағдарыстық құбылыстардың азаюынан ұсыныстар көбейіп баға төмендеуі керек. Бүгінде нарыққа бензин жеткізуді тұрақтандыру үшін Қазмұнайгаз ресейлік нарықтан жеткілікті мөлшерді бензин сатып алды. Ондағы баға Қазақстанға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі сөзсіз. Қазмұнайгаз үлкен шығынға ұшырап отыр. Бұл шығындар толығымен ақталмайды», — деді вице-министр.

Қазір уақытта жанармай құю станцияларында АИ-92 бензинінің бағасы 157 теңгеден 159 теңгеге дейін өзгеріп тұр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!