Елорда ПИК-теріне 3,5 млн теңге айыппұл салынды

17:47, 20 мамыр 2019

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы бөлімшелерімен қала аумағының санитарлық тазалығын сақтау жұмыстары тексерілуде. 

Қаладағы Мәңгілік ел көшесіндегі №49 А үйдің іргелес аумағын тазалауды қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша «Астана ЖилСервис» ЖШС қызмет көрсетуші компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 40 АЕК (101 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 

Департаменттің хабарлауынша, осы жылдың басынан бері қызмет көрсетілетін үйлердің іргелес және бекітілген аумағын қатты-тұрмыстық қалдықтардан, құрылыс және ірі көлемді қоқыстардан, қардан, мұздан уақытында және тиісті дәрежеде тазаламағаны, үйлердің қасбеттерін дұрыс ұстамағаны, хабарландыру тақтайларының, жәшіктердің болмауы және олардың асыра толтырылуы үшін табиғатты қорғау полициясы басқармасының қызметкерлерімен 123 қызмет көрсетуші ұйым (ПИК, ДК, ЖШС) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн 500 мың теңгеден астам соманы құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!