Елімізде Қырғызстанға қаржылай көмектің бірінші траншы мақұлданды

21:54, 14 маусым 2017

Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты одақтың кедендік шекарасы өзгерді.

Ол қырғыз-қытай, қырғыз-тәжік, қырғыз-өзбек шекараларымен кеңейді. Қазір қырғыз шекарасының инфрақұрылымы сапалы жарақтандыру мен жаңғыртуды қажет етеді. Кеден бекеттерін дұрыстау, техникалық реттеу саласында мамандарды оқыту да кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Қырғызстанға Қазақстан қаржылай көмек көрсететін болады. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары арнайы хаттаманы ратификациялады. Депутаттар қырғыз тарапына берілетін қаржылай көмектің алғашқы траншын да мақұлдады. Оның көлемі – 41 млн доллар. Ресей Федерациясы болса Қырғызстанға 200 млн доллар көлемінде қаржылай көмек ұсынып отыр.

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Көрсетілген көмек шеңберінде қанша өткізетін пункт және қандай елдермен шекарада жарақтандырылатын болады?

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Бұл – Достық деген өзбек шекарасындағы және Қаарақ деген тәжік шекарасындағы кедендік өткізу пунктерін жайғастыру. Және өзбек шекарасындағы Маданият деген кедендік өткізу бекетін салу және жайғастыру және де көзделіп отырған 8 фитосанитарлық өткізу пунктері бар, олардың төртеуі – өзбек, төртеуі тәжік шекарасында.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!