Доллар шамамен төрт теңгеге арзандады

© Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 7 ақпанда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,88 теңгеге төмендеп, 511,18 теңге болды.
Қытай юанінің орташа бағамы 70,43 теңгеге (-0,37) арзандады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 512,5-515,1 теңге, еуро 532,5-536,5 теңге, рубль 5,23-5,33 теңге аралығында сатылуда.
7 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы сәуір фьючерстерінің құны 1,02%-ға өсіп, барреліне 75,05 долларды құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,93%-ға өсіп, барреліне 71,27 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 515,31 теңге, еуроны 533,96 теңге, рубльді 5,3 теңге деп белгіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:54, 17 наурыз 2025
17 наурыздағы саудада доллар аздап төмендеді
-
11:29, 17 наурыз 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 17 наурыздағы валюта бағамы
-
11:20, 14 наурыз 2025
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 14 наурыздағы валюта бағамы
-
15:38, 13 наурыз 2025
13 наурыздағы саудада доллар күрт көтерілді
-
11:38, 13 наурыз 2025
Алматы және Астана айырбастау пункттеріндегі 13 наурыздағы валюта бағамдары