Білім саласына құйылған инвестиция азайып кетті

15:38, 12 шілде 2019

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz – Білім беру саласына салынған инвестициялар көлемі жылдан-жылға азайып барады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Ағымдағы жылдың алғашқы бес айында білім беру саласына инвестиция 51,6 млрд. Теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 6,9%-ға аз. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында білім беруге салынған инвестициялар 21,9%-ға төмендеп 55,5 млрд теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша білім беру саласына бағытталған инвестициялардың басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі: 11,8 млрд теңге. Нұр-Сұлтан қаласына 8,4 млрд теңге инвестицияланды, бұл өткен жылғыдан 27,5%-ға (11,6 млрд теңге) аз.

Үштікті Алматы түйіндейді, мұнда білім беру саласына 5,9 млрд теңге инвестицияланды (сонымен қатар, бір жыл бұрын 7,8 млрд теңге болды). Осы үш аймаққа ел бойынша инвестицияның жалпы сомасының 50,8%-ы келеді.

Сондай-ақ, алғашқы бестікке Алматы және Ақтөбе облыстары кірді: тиісінше 4,6 млрд және 3,4 млрд теңге.

Білім беру саласын қаржыландырудың негізгі көзі республикалық бюджет болып табылады: күрделі салымдардың сомасы жылына 15,5%-ға артып, 20,6 млрд теңгеге жетті.

Ал, жергілікті бюджеттен 16,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға (19,8 млрд теңге) аз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!