«Астана Моторс» ҚМК» ЖШС туралы

19:04, 19 қыркүйек 2019

«Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясы» ЖШС — Қазақстандағы автомобильдерді сату және сервистік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін алғашқы компания.

Анықтама:

  • Құрылған жылы: 1992 жыл
  • Саласы: машина жасау, авторетейл
  • Бас директор: Берік Несіпбаев
  • Қызметкерлер саны: 1000-нан аса адам
  • Бас кеңсесі: Нұр-Сұлтан

Компания тарихы

1992 жылы — «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясы құрылды.

1993 жылы — Toyota автокөліктерін тікелей жеткізу туралы бірінші шарттарға қол қойылды. Бірінші мамандандырылған авто салондар ашылды.

1994 жылы — ВАЗ, ГАЗ, КамАЗ, УАЗ автокөліктерін қамтамасыз ету үшін қосалқы бөлшектердің басқармасы құрылған.

Жапон автокөліктеріне ТҚК және жөндеу бойынша бірінші мамандандырылған сервистік бекеттің ашылуы өтті.

1995 жылы — Қазақстандағы бірінші TASS (Toyota Authorized Service Station) ашылды. Сондай-ақ, «Mobil Oil» компаниясымен дистртбьюторлық келісімге қол қойылды.

1996 жылы — «Стандарт Ойл» ЖШС, ҚР-ғы «Mobil» ресми дистрибьюторын құрылды. Компания «3-ші таксомоторлы парк» ААҚ- ы акцияларының бақылау пакетін алды.

1997 жылы — Астана қаласында «Астана Моторс» ҚМК филиалы тіркелді. Кейіннен автосалон ашылды. Оған ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың қатысқан.

Компания қызметін бастаған бері 5 000 автокөлік сатылды.

Осы жылы «3-ші таксомоторлы парк» ААҚ-на пайдалану үшін Tofas Sahin таксидің бірінші топтамасын жеткізді.

Сондай-ақ, компания «Toyota Vehicleavan» бірінші автожүріске қатысты: Мәскеу — Алматы.

1998 жылы — «Целин-Лада» ААҚ-ның (Астана қаласы) акцияларының бақылау пакетін сатып алды.

Екінші «Toyota Vehicleavan» авто жүріске қатысты: Алматы – Тбилиси.

«3-ші таксомоторлы парк» ААҚ-на пайдалану үшін Hyundai Sonata III 100 таксиді жеткізді.

1999 жылы — «Астана Моторс» 20 Hyundai County автобустарын және 70 Hyundai H-100 шағын автобусты «3-ші таксомоторлы парк» ААҚ-на қалалық көліктерге пайдалану үшін жеткізді.

2000 жылы — Компания Астана қаласынан автоорталық ашты.

2001 жылы — «Fuji Heavy Industries» (Жапония) бірге Subaru автокөлік маркасын Қазақстанға тікелей жеткізу туралы келісімге қол қойды.

2002 жылы — «Subaru Center Kazakhstan автоорталығы ашылды.

2003 жылы — «Hyundai Center Kazakhstan» ЖШС құрылды – «Hyundai Motor Company» ресми дистрибьюторы. Сол жылы Hyundai маркалы автокөліктердің тікелей жеткізлуі мен сатылымы басталды. Сондай-ақ, 50 Hyundai County автобустары жеткізілді.

Бұдан басқа, «Алма-Ата» Арт-Орталық» галереясы, «Toyota Center Almaty» автоорталықтың аумағында outdoor place ашылды. Қостанай қаласында жаңа автосалонның тұсауы кесілді.

2004 жылы — Компанияның филиалдары Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларында ашылды.

Астана Моторс «Fuji Heavy Industries» мен «Subaru» бөлімшелерімен эксклюзивті дистрибьюторлық келісім жасалды. Сонымен қатар, «Hyundai Motor Company» және «Hyundai Center Kazakhstan» компаниялары арасында да дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.

Осы жыла «Hyundai Center Kazakhstan» заманауи автосалонының презентациясы өтті.

«Subaru Kazakhstan» қатысуымен экстремалды жүргізу мектебі ашылды. Осы ретте «Астана Моторс» спорт командасын құрылды.

«Астана Моторс» клубының тұсаукесері өтті – Қазақстандағы автомобиль компаниясы клиенттерінің алғашқы ресми ұйымы.

2005 жылы — Компания «Автоцент-Бавария» ЖШС-ін сатып алды және BMW автокөліктерін жеткізуге және қызмет көрсетуге дистрибьюторлық келісім алды. Павлодарда, Петропавлда, Қостанайда дилерлік орталықтардың ашылды.

«Hyundai Motor Company» және «Hyundai Motor Kazakhstan» коммерциялық техниканы сату бойынша дистрибьюторлық келісімге қол қойды.

2005 жылы алғаш рет автокредиттеу нарығында инновациялық банктік өнімдер енгізілді.

2006 жылы — Алматыда Toyota автоорталығы іске қосылды. «Автоцент-Бавария» Rolls-Royce сатылымын бастады.

Сондай-ақ Астана Моторс «Ниссан Мотор Рус» компаниясымен дилерлік келісімге қол қойды. «Астана Моторс» брендтердің қазақстандық листингіне қатысты.

2007 жылы — «Астана Моторс» қазақ моторс компаниясының 15 жылдығы атап өтілді. Қызылордада дилерлік орталық ашылды.

Hyundai Center Kazakhstan коммерциялық бөлімшесі — Hyundai Truck & Bus тәуелсіз басқару бөлімшесіне шығарылды. «Астана Моторс» ҚМК филиалы мен Toyota Motor арасында Астанада Тойота дилерінің шартын тез арада жасасу ниеті туралы келісімге қол қойылды.

2008 жылы — Алматы қаласында Nissan жаңа автосалоныны, Шымкент қаласында ОҚО-дағы бірінші және ірі жаңа форматтағы мультибренді автомобиль кешенінің (car village), жаңа Hyundai сервис орталығы ашылды.

2009 жылы — Жаңа Тoyota Center Astana дилерлік орталығы жұмысын бастады.

2010 жылы — «Астана Моторс» ҚМК мен Hyundai Motor Co Алматыда Hyundai жүк көліктерін ірі-тораптық құрастыру бойынша зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Астана қаласында Subaru және Hyundai дилерлік орталықтары ашылды.

2011 жылы — Алматы қаласында шағын тоннажды жүк көліктері мен Hyundai автобустарын ірі торапты құрастыру жөніндегі зауыт іске қосылды. Ал Астана қаласында «Бавария Автоорталығы» және Lexus Astana дилерлік орталықтарының құрылысы басталды. «Бавария автоорталығы» — ҚР MINI ресми импортшысы мәртебесін алды.

2012 жылы — Алматыдағы зауытта конвейерден Hyundai Porter (H100) аз тоннажды жүк автомобильдерінің алғашқы партиясы шықты. Астана қаласында «Бавария Автоорталығы» және Lexus Astana дилерлік орталықтары ашылды.

«Астана Моторс» ҚМК мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Hyundai маркалы арнайы медициналық автокөліктерді жеткізу туралы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2013 жылы — «Астана Моторс» ҚМК «Pro Team Astana» ұлттық велокомандасының алғашқы мемлекеттік емес демеушісі болды.

Осы жылы Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорны жаңа техника түрлерін шығаруды бастады: Hyundai H1 базасындағы жедел жәрдем кареті және Hyundai County базасындағы ТЖМ реанимобильдер.

Жыл бойы «Астана Моторс» ҚМК Қазақстанда келесі жаңалықтарды ұсынды: Hyundai i30, i40 және Veloster; BMW Z4, 5 серия және 6 серия; MINI Paceman; Subaru Forester және BRZ.

2014 жыл қаңтар айында — Hyundai Trans Auto кәсіпорны коммерциялық техника шассиінде түрлі қондырмалар шығаратын жаңа цехты іске қосты.

  • 20 маусымда Алматыда Hyundai Premium Almaty автоорталығы ашылды,ол Hyundai GDSI жаңа стандарты бойынша салынған Шығыс Еуропа аймағындағы алғашқы дилерлік орталық болды.
  • «Тойота Центр Алматы» дилерлік орталығы Toyota ресми дилерлерінің арасында бірінші болып Қазақстанда TSM (Toyota Service Management) сервисін дамытудың фирмалық бағдарламасын енгізді.
  • 8 шілдеде Қостанайда Hyundai (i30, Elantra және Tucson) маркалы жеңіл автокөліктерді жинау басталды.
  • 30 шілде күні Астанада Hyundai Premium Astana автоорталығы ашылды.
  • 1 тамызда Қостанайда Hyundai Auto Kostanai автоорталығы ашылды.
  • 25 қыркүйекте Алматыда «Бавария Автоорталығы» жаңа дилерлік орталығының (BMW және MINI автокөліктері, BMW Motorrad мотоциклдері) ашылуы өтті.
  • 26 қыркүйекте Алматыда «Астана Моторс»ҚМК Жеке оқу орталығы өз жұмысын бастады.
  • 30 қазанда Алматыда Rolls-Royce Motor Cars Almaty шоу-румы ашылды.
  • Жыл бойы «Астана Моторс» ҚМК Қазақстанда келесі жаңалықтарды ұсынды: жаңа Hyundai Sonata және Genesis, жаңартылған Hyundai Accent, Elantra және Tucson; Жаңа Subaru WRX және WRX STI; жаңа BMW 2 сериясы, 4 сериясы, М3, М4 және Х4; жаңа MINI және жаңартылған MINI Countryman.

2015 жылы — «Астана Моторс» Hyundai өндірісінің алғашқы автобустары жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша тапсырыс берушіге жіберілді.

Astana Motors KMK портфелінде оныншы бренд пайда болды — бұл Nissan суб-бренді, жаңартылған жапондық Datsun бренді.

«Тойота Центр Астана» дилерлік орталығы бүкіл әлемде бірыңғай TSM (Toyota Service Management) сервисін дамытудың фирмалық бағдарламасын енгізді.

«Астана Моторс» компаниясы «Hyundai Truck Siberia» ЖШҚ-мен келісім шеңберінде РФ-ға қазақстандық өндірістің 44 жүк автомобильдерінің бірінші партиясын тиеп жөнелтеді.

2016 жылы — «Астана Моторс» және Hyundai Motor Company ҚР-да екінші буынды Hyundai County автобусы өндірісінің технологиясын жетілдіру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Компания — Алматы қаласында МАЗ автотехникасын сату және сату құқығын алды, сондай-ақ Минск автомобиль зауытының дилерлік желісі арқылы белоруссиялық» МАЗ » жүк көлігінің ресми дилері атанды.

«Астана Моторс» компаниясының барлық дилерлік орталықтарында Trade-in бағдарламасымен автокөліктерді сату бойынша бағдарлама ресми түрде іске қосылды.

2017 жылы — «Астана Моторс» ҚМК 25 жылдығын атап өтті. Алматыда Jaguar Land Rover дилерлік орталығы пайда болды.

2018 жылы — Volvo Car Almaty дилерлік орталығы ашылды.

Құрылымы

Бүгінгі таңда «Астана Моторс» ҚМК ұйымдық құрылымы келесідей:

  • Hyundai Auto Kazakhstan (меншікті дилерлік желі, өкілдіктер: Астана, Алматы, Қостанай);
  • Hyundai Com Trans Kazakhstan — Hyundai коммерциялық техникасының ресми дистрибьюторы;
  • Subaru Kazakhstan (меншікті дилерлік желі, өкілдіктер: Астана, Алматы);
  • Hyundai Trans Auto — жүк көліктері, автобустар және арнайы техника өндірісі;
  • «Автоцентр-Бавария» — BMW, MINI ресми импорттаушысы;
  • Toyota Center Almaty — Алматыдағы Toyota ресми дилері;
  • Toyota Center Astana — Астанадағы Toyota ресми дилері;
  • Lexus Astana — Lexus ресми дилері. Астанада.
  • Almaty Motors Premium — ресми дилер Jaguar Land Rover
  • Volvo Car Almaty — ҚР-дағы Volvo ресми дилері.

Дистрибьюторлар

  • Hyundai Auto Kazakhstan — 2003 жылы құрылған. Компания көлік сатумен айналысып, сонымен қатар кепілдікті және кепілден кейінгі сервистік қызметті көрсетеді.
  • Hyundai Com Trans Kazakhstan — 2005 жылдың тамыз айында құрылған. Hyundai Com Trans Kazakhstan компаниясының қызметі әртүрлі жабдықтардың сатылуын көздейді.
  • Subaru Kazakhstan — 2001 жылдың жазында «Fuji Heavy Industries» компаниясымен жемісті келіссөздерден кейін «Астана Моторс» ҚМК Subaru автокөліктерін Қазақстан Республикасына импорттауға эксклюзивті құқық алды.
  • Бавария — автоорталығы —
  • 2005 жылдың маусым айынан бастап Қазақстандағы BMW AG концернінің эксклюзивті импорттаушысы «Бавария – Автоорталығы» «Астана Моторс» ҚМК кұрамына енді. «Бавария – Автоорталығы» Қазақстанда BMW, MINI және BMW Motorrad маркаларын ресми түрде ұсынады.

Өндіріс

Hyundai Trans Autо — 2011 жылдың қаңтар айында Алматы облысының Талғар ауданында, халықаралық әуежай маңында орналасқан Hyundai жүк машиналары және автобустарды құрастыратын зауыт ашылды.

Hyundai — 2014 жылы, Қостанай қаласында Hyundai маркасын жеңіл автокөліктерін құрастыру басталды.

МАЗ автотехникасы — 2017 жылдың 30 маусымында «Астана Моторс» компаниясының көлік құрастыру кәсіпорнында МАЗ автотехникасының өндірісі іске қосылды.

Басшылық

Нұрлан Смағұлов — Astana Group президенті.

Бекнұр Несіпбаев — «Астана Моторс» ҚМК атқарушы директоры.

«Астана Моторс» ҚМК» ЖШС жалғыз құрылтайшысы — Нұрлан Смағұлов

Марапаттары

  • «Жыл таңдауы 2014″фестиваль-конкурсындағы жеңіс. «Қазақстандағы № 1 автодилер» атағын алды;
  • «Hyundai Award Excellence 2005» беделді марапаты;
  • «Жыл таңдауы — 2005», «Қазақстандағы № 1 Автодилер 2005»;
  • «Subaru Sales Award 2005» беделді марапаты;
  • 2006 жыл — «Hyundai коммерциялық техникасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» беделді марапаты;
  • «Жыл таңдауы — 200», «Қазақстандағы № 1 Автодилер 2007»;
  • «Жыл таңдауы — 2008», «Қазақстандағы № 1 Автодилер 2008»;
  • 2008 жыл — Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасының «Мінсіз» сапа белгісі;
  • 2012 жыл — Hyundai Motor Company компаниясының Regional Excellence Award халықаралық марапатын тапсыру салтанатында қазақстандық Hyundai дистрибьюторы «Жылдың үздігі» марапатын алды;
  • 2012 жылы «Тойота Центр Алматы» Toyota клиенттеріне ең үздік қызмет көрсеткені үшін» Ichiban » сыйлығы;
  • 2013 жыл — Fuji Heavy Industries өндірушісі Subaru Kazakhstan компаниясын 2012 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі Subaru автомобильдерін сатудың ең жоғары қарқыны үшін «Subaru Sales Award» сыйлығымен марапаттады;
  • 2013 жылдың маусым айында Монакода Hyundai Motor Company Hyundai Auto Kazakhstan компаниясына 2012 жылдың қорытындысы бойынша «ТМД және Шығыс Еуропа аймағының Hyundai үздік дистрибьюторы» сыйлығын табыстады.
  • 2014 жыл — Subaru BRZ «За рулем Казахстан» журналының «Жыл автомобилі-2013» бірінші қазақстандық байқауының «Спорткары»номинациясы бойынша жеңімпазы болып танылды;
  • Сәуір айында Стамбулда Hyundai Motor Company Hyundai Auto Kazakhstan компаниясына 2013 жылдың қорытындысы бойынша «ТМД және Шығыс Еуропа аймағының Hyundai үздік дистрибьюторы» сыйлығын берді;
  • Мамыр айында Токиода Fuji Heavy Industries өндірушісі Subaru Kazakhstan компаниясын 2013 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі Subaru автомобильдерін сатудың ең жоғары қарқыны үшін «Subaru Sales Award» сыйлығымен марапаттады;
  • 23 қазанда Барселонада Hyundai Motor Company дилерлік орталығын ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында «2014 Regional Excellent Dealer» сыйлығымен марапаттады;
  • 2015 жыл — «Астана Моторс» ҚМК нарығында ұсынылатын автомобильдер Қазақстандағы «Жыл автомобилі 2015» ұлттық сыйлығының екі аталымы бойынша жеңіске жетті. Hyundai Accent Бестселлер «Кіші класс» аталымын иеленді, ал танымал Nissan Juke көшбасшы болды;
  • «Астана Моторс» ҚМК құрамындағы Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорны Алматыда «Қазақстанның үздік тауары-2015» көрме-байқауында «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында жеңіске жетті;
  • Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы2014 жылдың қорытындысы бойынша «ТМД және Шығыс Еуропа өңірінің үздік дистрибьюторы» сыйлығын алды;
  • Жаңа BMW X6 «За рулем Казахстан» журналының жыл сайынғы «Жыл автомобилі» сыйлығы аясында «Үздік премиум-вседорожник» номинациясын иеленді;
  • 2017 жыл — Hyundai Auto Kazakhstan инновациялық Маркетинг номинациясында «Global Marketing Award» марапатына ие болды;
  • 2018 жыл — Subaru Kazakhstan әлемдегі ең серпінді Subaru дистрибьюторы болды және «Subaru Corporation» концерні атынан «Subaru Sales Award» марапатын алды;
  • Hyundai Auto Kazakhstan Германияда өткен сервис бойынша Еуропалық конференцияда сервисті басқарудағы үздік нәтижелері үшін марапатталды.

Дереккөз: astana-motors.kz.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!