Алматыда аймақ тұрғындарынан гранат, тапанша және пышақ тәркіленді

14:50, 17 шілде 2019

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Алматы қаласында Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары ұсталды. Олар атыс қаруын заңсыз сақтаумен және сатумен айналысқан. Бұл туралы Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«32 жастан 35 жас аралығындағы төрт тұрғыны бұрын да қыз зорлап, алаяқтық, жалған құжат жасап, адам өлтіріп, қарақшылық тонау жасағаны үшін істі болған екен. Бұл азаматтарға қатысты тергеу соты тінту туралы санкция шығарды. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан «РГД-5» гранаты, тапанша, 4 оқ пен пышақ тәркіленді», — делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері тәркіленген заттар бойынша баллистикалық және дактилоскопиялық сараптамалар тағайындалғанын айтты.

Ұсталғандар қамауға алынды. Қазіргі уақытта күдіктілердің қатысуымен қылмыстық эпизодтарды анықтауға бағытталған жедел және тергеу іс-шараларының кешені жалғасуда.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!