Ақышев: Инфляция 2017 жылдың қорытындысы бойынша 7,1 пайыз деңгейінде қалыптасты

10:49, 16 қаңтар 2018

Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Инфляция 2017 жылдың қорытындысы бойынша 7,1 пайыз деңгейінде, яғни 2017 жылғы нысаналы дәліз ортасында болды. Қалыптасқан мән болжанған өлшемнен төмен болды, өйткені оның деңгейі жоғары шектің дәлізіне – 7,5-7,7 пайызға жақын деңгейде күтілді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

«Инфляцияның баяулауы көп жағдайда жекелеген тауарлар мен қызметтер нарығында бағаның тұрақтануына байланысты. Атап айтқанда, күзгі айларда бензин бағасы қымбаттады, ал желтоқсанда төмендеп кетті. Төмен тұтынушылық сұраныс аясында ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының баяу өсуі байқалады. Азық-түлік тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсуі тарихи серпінді көрсетті және болжамға сәйкес келді. Теңгенің айырбастау бағамының төмен құбылуы да жылдық инфляцияның баяулауына оң үлес қосты», – деді Д.Ақышев.

Қаржы реттеушісі басшысының айтуынша, қаңтар-ақпанда монополист кәсіпорындардың ақылы қызметтеріне тарифтерді қайта қарау инфляция үшін үлкен тәуекел болады. Соған қарамастан, инфляцияға тарифтерді қайта қараудың әсері шектеулі және ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде шаралар қабылдауды талап етпейтін шаралар ретінде бағаланады. Себебі бұл тәуекелдер ұсыныс аясында, яғни Ұлттық банктің саясатына байланысты емес шығасылар инфляциясы аясында қалыптасады.

Сұраныс аясындағы инфляцияны бағалау ішкі сұраныстың әлсіз болуына қарай 2018 жылы оның одан әрі баяулауын көрсетіп отыр.

«Құбылмалы компоненттерді (инфляция жеміс-көкөніс өнімі, реттелетін қызметтердің энергия тасымалдауыштарын қоспағанда) ескермей есептелген базалық инфляция желтоқсанда өзгермей, 6,2 пайыз болды. Өңірлер бойынша инфляция деңгейіндегі айырманың қысқаруы жағымды фактор болды. Желтоқсанда айырма 1,3 п.т. болды. Бұл өңірлік деңгейде инфляциялық процестердің барынша біртекті қалыптасуын білдіреді», – деді Д. Ақышев.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!