2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 67,9 млрд теңге бөлінеді

18:12, 15 ақпан 2018

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясы өтті.

Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Кездесу барысында Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік жоспарланған көрсеткіштен асып, қалаларда 93,8 пайыз (белгіленген жоспар 90 пайыз), ауылдарда 57,4 пайызды (белгіленген жоспар 55 пайыз болатын) құрағанын айтты.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарының 80,7 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталған. Бұл көрсеткіш су тарту жұмыстары, ең алдымен, халық саны көп елді мекендерде жүргізілетіндігін көрсетеді.

«2018 жылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша диспропорцияны азайту мақсатында қаржыландыру көлемі 21,7 пайызға артып, 67,9 млрд теңгені (193 жоба) құрады. Қаржыландыру көбінесе қолжетімділігі төмен өңірлерге бағытталған. 2018 жылы қалалық жерлерді сумен қамтамасыз ету және су тарту жұмыстарына 22,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл сомаға 40 жоба іске асырылатын болады. Ал, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су тарту үшін 45,2 млрд теңгенің 153 жобасы жүзеге асырылады.

Бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті елді мекендерде 59 пайызға дейін, ал қалаларда 94 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр», – деді комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!