29 тамызда доллар бағамы өсті
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 29 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 538,54 теңге болып, 0,77 теңгеге қымбаттады.
Ресей рублі 1 тиынға өсіп, 6,70 теңге болды.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы таңғы саудада 75,53 теңге болып, 0,32 теңгеге өсті.
Валюта айырбастау пункттерінде:
- долларды 537,1–539,5 теңге аралығында сатып алып/сатуда,
- еуро – 626–630 теңге,
- рубль – 6,59–6,71 теңге аралығында.
Әлемдік мұнай бағасы 29 тамыздағы саудада төмендеуде.
Қазан айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстері 36 центке арзандап, барреліне 68,26 долларды құрады,
Қараша айындағы неғұрлым белсенді келісімшарт 29 центке төмендеп, 67,69 доллар болды.
WTI маркалы мұнай 28 центке арзандап, 64,32 доллар деңгейінде саудалануда.
Таңертең Ұлттық банк келесі айырбастау бағамдарын бекітті:
- доллар – 537,76 теңге,
- еуро – 627,62 теңге,
- рубль – 6,7 теңге.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:50, 3 маусым 2026
3 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
16:16, 2 маусым 2026
2 маусымдағы саудада доллар бағамы 490 теңгеден асты
-
11:46, 2 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 2 маусым
-
15:55, 1 маусым 2026
1 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар қымбаттауын жалғастырды
-
11:40, 1 маусым 2026
Астана мен Алматыдағы 1 маусымдағы валюта бағамдары





