1 шілдеде доллар бағамы төмендеуді жалғастырды
© Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 шілдеде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 519,29 теңгені құрап, тағы да 0,44 теңгеге төмендеді.
Рубльдің орташа бағамы 6,62 теңге болды (+0,01).
Юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату бағасы – 518,9–521,1 теңге, еуро – 609–613 теңге, рубль – 6,51–6,63 теңге аралығында.
Дегенмен, 2025 жылғы 1 шілдеде әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр.
ICE Futures электронды саудасында қыркүйек айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 0,21%-ға өсіп, бір баррель үшін 66,88 АҚШ долларын құрады.
NYMEX электронды саудасында WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 0,18%-ға қымбаттап, бір баррель үшін 65,23 АҚШ долларына жетті.
Бұған дейін Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 1 шілдедегі валюта бағамын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:11, 14 шілде 2026
Доллар бағамы 14 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша күрт төмендеді
-
11:14, 14 шілде 2026
14 шілдедегі Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдары
-
15:48, 13 шілде 2026
13 шілдегі сауда қорытындысы: доллар бағамы күрт өсті
-
11:22, 13 шілде 2026
13 шілдедегі валюта бағамы: Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі бағалар
-
11:32, 12 шілде 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары – 12 шілде





