Өзбекстан Volkswagen автокөліктерін шығаратын болады

10:18, 29 мамыр 2019

Өзбекстан мен Германия президенттері арасындағы екіжақты кездесу аясында өзбек жерінде Volkswagen концернімен бірлескен автокөлік өндірісін ашу жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай серіктестік құрылатыны туралы ақпарат былтырдан бері пайда болған еді.

Ол кезде "Узавтосаноат" пен Volkswagen Өзбекстанда неміс автоконцерніне қарайтын бірнеше брендтердің түрлі модельдерін құрастыру мүмкіндігі қарастырылуда делінген болатын. Өндірісті Volkswagen Amarok пикапын құрастырудан бастау жоспарланған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!