Мінгені Porsche: атақты Назар Роллан тағы да мас күйде көлік айдап көзге түсті
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Назар Ролланға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мас күйінде көлік құралын басқарған үшін, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлігі бойынша жауапқа тартылды.
Сот Н.Ролланның Porsche маркалы көлігін басқарып Достық көшесімен Абай даңғылының қиылысында оңтүстік бағытта жүргізген, содан соң оны жол полиция қызметкерлері тоқтатқанын анықтады. Н.Роллан бұрын көлік жүргізуші куәлігінен айырылған. Бірақ сонда да жеңіл алкогольдік мас күйінде көлікті жүргізген.
Сотта құқық бұзушы кінәсін толық мойындады, және жасаған іс- әрекетіне өкінді.
Соттың қаулысымен Н.Роллан кінәлі болып танылып, жиырма тәулікке қамауға алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр