Қазақстанда қанша жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды?
© Сурет: zakon.kz
2020 жылдың басынан бері шамамен 2,7 мың адам жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ішкі істер органдарының маңызды міндеті – әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Жыл басынан бері полиция 6 млн-нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 5 млн-нан астамы жол қозғалысы саласында. Өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға артқан, - деді ол брифингте.
ӘПК басшысының орынбасары 2021 жылдан бастап көлікті мас күйінде басқарудың 18 мың фактісін, қарсы жолаққа шығып кетудің 5 мыңнан астам фактісін, жаяу жүргіншілер 200 мың бұзушылық жасағанын айтты.
Мұндай фактілер 2020 жылдан бастап осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңнаманың қатаңдатылуына қарамастан орын алып отыр. Сондықтан жүргізушілерге 2020 жылдың басынан бастап мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жеті жылға құқықтан айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске саламыз. Сонымен қатар, жүргізуші куәлігінен өмір бойы айыру қарастырылған. Бүгінде 2,7 мыңға жуық азамат жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп нақтылады Түсіпов.
ҚР ІІМ ӘПК деректері бойынша, жүргізушілер белгіленген жылдамдық режимінен – 37% немесе ЖҚЕ барлық бұзушылықтарынан 1 869 944 фактісін, белгілер мен таңбалар талаптарын бұзудан – 26% немесе 1 350 558 фактісін жасаған.
Жалпы бұзушылықтардың қалған түрлеріне көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 5% немесе 254 388 факт, сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзу – 5 % немесе 248 479, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану – 5% немесе 232 395, көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзу – 4% немесе 215 334, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзу – 4% немесе 200 003, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту – 3% немесе 133 512.
Бақытжан Отарбаева
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр