Қазақстанда электромобильдер қымбаттағалы жатыр
© Сурет: gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті 28 қазанда 2025 жылы электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге арнайы бөлінген квота толығымен игерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство бұған дейін Кеден одағы комиссиясының №130 шешіміне сәйкес, электромобильдер (8703 80 000 2 ТН ВЭД ЕАЭО) белгіленген квота шегінде импорттық баждан босатылғанын нақтылайды. Дегенмен 2025 жылы Қазақстанға арналған 15 000 бірлік квота 14 қазанға қарай толық игерілген.
"Осыған байланысты жеңілдік енді қолданылмайды. Электромобильдерді әкелу енді жалпы тәртіппен, яғни белгіленген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу арқылы жүзеге асырылады", делінген ресми хабарламада.
Енді жеке тұлғалар сырттан электромобиль әкелген жағдайда кедендік рәсім кезінде мына нұсқалардың бірін таңдай алады:
- Тауар декларациясы (ТД) — 6 АЕК, ҚҚС 12%, баж 15%.
- Жолаушылар декларациясы (ЖКД) — көлік құнының 27%-ы.
Айта кетсек, 2025 жылы 13 қазанда Алматыда тұрғын үй кешені маңында Zeekr маркалы электр көлігі өртеніп кетті. Төтеншеліктер мұндайда су шашуға болмайтынын ескертеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:54, 27 қазан 2025
Көлікті қысқа дайындау: әйнек, жылу және жарық
-
09:46, 15 қазан 2025
Мамандар моторды тез тоздыратын жүргізуші қателіктерін атады
-
15:43, 13 қазан 2025
Жаңа жүргізуші куәліктері 2026 жылдың басында беріле бастайды – ІІМ
-
13:26, 9 қазан 2025
VIP-нөмірді бір көліктен екіншісіне ауыстыруға бола ма
-
13:16, 8 қазан 2025
Lamborghini есіксіз жаңа суперкар шығарды





