Қазақстан Ресей нөмірлі заңсыз көліктерден құтылмақ
© Сурет: Zakon.kz
ҚР ІІМ біздің елде сақтандырылған ресейлік нөмір таққан көліктерді көрші елдегі әріптестерімен бірге тексерді. Нәтижесінде 210 мың машинаның 88 мыңы Ресейде есептен алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Kolesa.kz жазғандай, көбі Ресейдегі көлік иесі сенімхат арқылы сатқан машиналар. Олар біраз уақыт өткен соң есептен шығарылған, себебі ешкім сатылған мүлік үшін салық төлегісі келмейді. Көліктер Ресей шекарасынан асып кеткендіктен, ескі нөмір және құжаттармен еркін жүйткіп жүр. Аталған елде мұндай машинаны бірден тоқтатып, айыптұраққа жіберер еді.
Ресейде мүлде болмаған, Қазақстанға басқа мемлекеттен қосалқы бөлшек ретінде немесе бүтін келген машина да аз емес.
Тіркеуде жоқ көліктердің басым бөлігі шекараға жақын Ақтөбе, Атырау және Қостанай облыстарында жүр. Тізімде "жигули", "самара", "нексия", оң рөлді "эстима", "альфард" көп, дегенмен 2020 жылғы G-класс, Bentley Bentayga, тіпті Aston Martin Rapide сияқты қымбаттары да кездеседі.
Тәртіп сақшыларына қолжетімді сақтандыру базасынан қылмысқа қатысы бар көліктер де табылды. Мысалы, 2004 жылғы Toyota Crown Majesta Қазақстанда бірнеше рөт нөмір ауыстырған және оны бір адам қайта-қайта сақтандырыпты. Біздің елде автмобильді сақтандыру өте оңай процесс, ол үшін техникалық құжаттың көшірмесі мен жеке куәлік берсе жеткілікті.
Елге ондап машина кіргізген пысықтар да жетеді. Қарағанды облысында бір әйелдің атына Ресейде есептен алынған 84 машина тіркелген.
Не үшін айыппұл салынады?
Көлік иесін 10 жұмыс күні ішінде машинаны тіркеуге міндеттейтін "Жол жүрісі" туралы заңның 66-бабы, 2-бөлігі бұзылғанда, есепке алынбаған автомобиль айыптұраққа жіберіледі. Ал жүргізушінің атына Әкімшілік кодекстің 590-бабы, 2-бөлігіне сай хаттама толтырылып, 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынады.
Қозғалуға тыйым салынған автокөлікті қалай қайтарады?
Машинаны сатып алу-сату шартын көрсетіп алуға болады, бірақ қайта рөлге отыра алмайсыз, өйткені оны елде есепке қою қажет немесе Ресейге алып кету керек.
Ресейлік нөмір таққан машинаны ол көрші елде тіркеулі болса ғана пайдалануға болады, оған қоса қолыңызда Ресей азаматы берген сенімхат, техникалық тексерістен өткенін растайтын құжат пен сақтандыру полисі болуға тиіс. Одан бөлек, "Жол жүрісі" туралы заң бойынша шетелдік иесі тіркеген техника біздің елде бір жылдан кем жүрсе ғана халықаралық қозғалысқа қатысушы саналады, сондықтан оны жыл сайын 30 тәулікке елден шығарып отыру қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 17 желтоқсан 2021
Алматы облысындағы республикалық тас жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды
-
19:22, 7 желтоқсан 2021
Ақмола облысында орын алған жаппай жол апаты салдарынан 10 адам зардап шекті
-
16:42, 7 желтоқсан 2021
Қарағандыда бірнеше көлік жол жиегіне ұшып кетті
-
15:42, 3 желтоқсан 2021
Tesla балалар көлігін шығарды
-
00:00, 2 желтоқсан 2021
Жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілер айыппұл төлеп жатыр