Тоқаев Астана, Алматы және облыс орталықтарында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашуды ұсынды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Алматы және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейлерін ашу орынды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру маңызды екенін атап өтті.
"Балалардың ғылымға қызығушылығын оятпасақ, адам әлеуетін нығайту мүмкін емес", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдік тәжірибе оқушыларға арналған ғылыми музейлер мен зерттеу орталықтарының маңызын көрсетіп отыр. Мұндай орындар балаларға алған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға, зерттеу жүргізуге, ғалымдардың еңбегімен танысуға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік береді.
"Осы орайда Астанада, Алматыда және бірқатар облыс орталығында балаларға арналған Жаратылыстану музейін ашу орынды деп санаймын", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы кітап оқу мәдениетін насихаттауға ерекше назар аудару қажет екенін айтты. Оның сөзінше, Үкімет бұл жұмысқа қоғам белсенділерін, шығармашылық және ғылыми қауымдастық өкілдерін, журналистер мен кәсіпкерлерді кеңінен тартуы керек.
Бұдан бөлек, алдағы екі жыл ішінде Астана, Алматы және Қызылорда қалаларында Президенттік кітапханалар өз жұмысын бастайды. Мұндай кітапханаларды Шымкентте және басқа да облыс орталықтарында салу жоспарланып отыр.
"Мемлекет, ұстаздар және ата-аналар күш біріктіргенде ғана балаларымыздың үйлесімді дамуына барлық жағдайды жасай аламыз, басқаша айтқанда, жарқын болашағына жол ашамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, өскелең ұрпақты өркениетті және жасампаз құндылықтар негізінде тәрбиелеу – мемлекет, ұстаздар мен ата-аналарға ортақ міндет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 26 тамыз 2026
1 қыркүйек қарсаңында пәтер жалдау қымбаттады: Алматы мен Астанадағы бағалар қандай
-
16:42, 26 тамыз 2026
Мұғалімге 1 қыркүйекке гүлді 5000 теңгеге қалай таңдауға болады
-
16:31, 26 тамыз 2026
Қазақстандықтар шетелге бір айда 65 млрд теңге жіберген
-
16:23, 26 тамыз 2026
Кинолог иттер қылмыскерді қалай ұстайды: мектеп оқушылары қызметтік иттердің жұмысын көрді
-
16:20, 26 тамыз 2026
«Аль-Наср» Роналдусыз және 10 ойыншымен камбэк жасап, «Аль-Иттифакты» жеңді





