Автокөлік – бүгінгі қазақтың басты байлығы. Тірлігі – таксилету

15:27, 20 қаңтар 2020

Елдегі соңғы оқиғаларға қарағанда, қазақтың басты капиталы – автокөлігі, негізгі тірлігі – көшеде адам тасу сияқты, дейді желіде қазақ қызы Динара Сейсен.

- Көптеген елдерде жекеменшік көлікпен таксист болуға мүлдем тыйым салынған. Оларда тек ресми такси ғана бар. Өз бетіңше жекеменшік такси болғаның үшін тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Бізде ондай тыйым енгізу билік үшін тым қауіпті.

Халықтың тым үлкен бөлігі үшін жеке көлікпен таксилету – табыстың жалғыз көзі болып отыр.

Таксилетуге тыйым салсаң – талай отбасы аш қалады.

Қазақстан – әлемдегі ең бай елдердің бірі, дейді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!