Зеленский келіссөздер өткізу туралы Путиннің ұсынысына қатысты жауап қатты

© Сурет: Telegram/Zelenskiy_Official
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің қос ел арасындағы қақтығысты реттеу үшін келіссөздер жүргізу туралы ұсынысына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зеленский өзінің барлық ресми әлеуметтік желідегі парақшаларында осы тақырыпта жазба жариялады. Украина көшбасшысы келіссөздер мүмкіндігі туралы жаңалықты жақсылыққа балап, алдан не күтетіні туралы ойларымен бөлісті.
Ол бүкіл әлем осындай сәтті ұзақ күткенін баса атап өтті. Оның айтуынша, кез-келген соғысты тоқтатудың алғашқы қадамы - атысты тоқтату.
"Ресей атысты тоқтататынын растайды деп үміттенеміз, ертең, 12 мамырдан бастап, толықтай, ұзаққа және сенімді түрде. Украина кездесуге дайын", – деп жазды Украина президенті желіде.
Це хороший знак, що росіяни нарешті замислились про закінчення війни. Всі у світі вже дуже давно цього очікували. І найперший крок у реальному закінченні будь-якої війни – це припинення вогню.
— Volodymyr Zelenskyy / Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) May 11, 2025
Немає сенсу продовжувати вбивства навіть на день. Очікуємо, що Росія підтвердить…
Бұған дейін Владимир Путин Украинаға 15 мамырда Ыстамбұлда "алдын-ала шарттарсыз" тікелей келіссөздерді қайта жаңғыртуды ұсынған болатын.
Владимир Путин предложил Украине возобновить прямые мирные переговоры в Стамбуле без предварительных условий, прерванные в 2022 году.
— Share (@sharemed_twi) May 10, 2025
Первая встреча может состояться 15 мая. pic.twitter.com/Ou3LkPbEwx
10 мамырда таңертең Франция президенті Эммануэль Макрон, поляк премьер-министрі Дональд Туск, Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Киевке келді. Келіссөздерден кейін Украина СІМ мемлекет мен оның одақтастары 2025 жылдың 12 мамырында, яғни дүйсенбіден бастап кем дегенде 30 күн бойы құрлықтағы, әуедегі және теңіздегі атысты толықтай тоқтатуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 11 маусым 2025
Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктер: қала мэрі төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жариялады
-
11:07, 11 маусым 2025
Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады
-
10:54, 11 маусым 2025
Лос-Анджелесте бүлік басталды
-
10:38, 11 маусым 2025
Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады
-
10:18, 11 маусым 2025
Жапонияда үш метрлік қанаты бар ерекше құс табылды