Қазақстан президенті жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен дзюдошыларды құттықтады
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент ұлттық құраманы аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, сондай-ақ жекелей сында алтын медаль иеленген Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны және Әділжан Жаудиновті жарқын жетістігімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жас чемпиондарға алдағы спорттық жолында толағай табыс тілеп, жаңа биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдірді.
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, жалпы саны 11 жүлдеге қол жеткізіп, отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижені тіркеді.
Сонымен қатар кеше кешке Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визермен телефон арқылы сөйлесті. Халықаралық ұйымның басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақстандық балуандардың жастар арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген бұрын-соңды болмаған жеңісімен құттықтады.
Президент Қазақстанның Туризм және спорт министрлігімен, сондай-ақ ұлттық федерациямен сындарлы ынтымақтастық орнатқаны үшін Мариус Визерге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осы өзара ықпалдастықтың нәтижесінде елімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:02, 25 тамыз 2026
Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті
-
12:53, 25 тамыз 2026
Атырауда жоғалған азаматты табуға қызметтік ит көмектесті
-
12:43, 25 тамыз 2026
Ғалымдар пластиктен печенье ойлап тапты
-
12:31, 25 тамыз 2026
«Бұған дейін де қол көтерген»: жүкті әйел күйеуін жазалауды сұрады
-
12:20, 25 тамыз 2026
Кори Гауфф Цинциннатидегі WTA 1000 турнирін екінші рет жеңіп алды





