YOUTUBE коронавирусқа қатысты жалған видеоларды бұғаттайды
COVID-19 пандемиясы туралы жалған ақпараттардың көбеюіне байланысты YouTube фейктермен күресуге мәжбүр. Бірер күн бұрын бұл желі коронавирус туралы фейк бейнероликтерді орналастыруға тыйым салатын жаңа ережелер енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Сайтта адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін COVID-19 туралы кез келген жалған ақпаратқа тыйым салынады. Видеохостинг коронавирустық инфекция туралы ДДСҰ мен жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметтеріне сәйкес келмейтін фейк материалдарды бұғаттайды", - деді Google.
Осылайша, хостингте таратылатын коронавирус кезінде өзін-өзі емдеудің әртүрлі жалған әдістеріне, соның ішінде қауіпті ауруды емдейтін дәстүрлі медицина, гомеопатия және тіпті дұғаларға тыйым салынады.
Сонымен қатар YouTube коронавирустың жоқ екені туралы материалдармен күреспек. Коронавирустың таралуы туралы түрлі жорамалдар де сайттан жойылады. Тыйым салу үш кезеңмен жүреді. Алғашқы екеуінде ескерту жасалып, видео жойылады. Ал үшінші кезеңде YouTube-тегі арна толығымен бұғатталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады