Вьетнамдағы найзағай мен нөсер жауыннан кейінгі тасқын бірнеше адамның өмірін жалмады
© Фото: pixabay
"Матмо" тайфунынан кейін пайда болған күшті дауылдар Вьетнамның солтүстігінде су тасқынын тудырды. Тайфун ел аумағына тікелей соқпағанымен, арты толассыз жаңбырмен жалғасып, өзендер арнасынан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Stuff басылымының мәліметінше, тасқын су көшелер мен үйлерді шайып, жергілікті халыққа үлкен қауіп төндірді. Бұл аймақ қыркүйек айынан бері төрт тайфун мен тропикалық дауылды өткерген.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 4 800-ден астам үйге зақым келген. Каобанг және Тханьхоа провинцияларында көшкін салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы төрт адам Тхайнгуенде су тасқынынан қаза тапты. Ал Бакнинь қаласында найзағай жарқылынан бір адам қаза болды.
Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Тинь су тасқынынан зардап шеккен солтүстік провинцияларды қолдау мақсатында 140 миллиард донг көлемінде шұғыл көмек пакетін бөлуді мақұлдады.
Бұған дейін Түркияда қылмыс әлемінің атышулы серісі "Тозақ Неджати" тұтқындалғанын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 6 қараша 2025
Жерге күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
12:42, 6 қараша 2025
Трамп АҚШ егемендігінің бір бөлігін жоғалтқанын мәлімдеді
-
11:14, 6 қараша 2025
Қытайда жақын қалған жойқын тайфунға байланысты қауіптің сары деңгейі енгізілді
-
10:58, 6 қараша 2025
Ресейлік балалар кинотеатрда көздерін күйдіріп алды
-
20:22, 3 қараша 2025
Күн планетасында бір күнде үш рет жарылыс болды





