USAID ұйымы жайлы тың деректер ашылуда

© Фото: flickr/Gage Skidmore
Америкалық кәсіподақтар Трамп әкімшілігін "USAID" ұйымын жапқаны үшін сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымды жемқорлықпен айналысты деп айыптап, оның бүкіл әлем бойынша жұмысын тоқтатқан еді. Ал атақты миллиардер Илон Маск оны "қылмыстық ұйым" деп атап, тіпті оны Ковид-19-дың әзірленуіне қаржыландыруды жүргізді деп кінәлады.
Бұл ретте, саясаттанушы Талғат Қалиев Еуразия Бірінші арнасының тілшісіне берген сұхбатында ұйымның соңғы жылдары қандай да бір дәрежеде теріс бағытта әрекет етіп келе жатқандығын растады. Саясаттанушының айтуынша, кейде олар дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығарып, ел арасында қайшылықтар туғызып отырды.
Сондай-ақ, бүгінгі, 12 ақпандағы Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар осы мәселені талқыға салған болатын. Отырыста депутат Ирина Смирнова осыған байланысты елімізде "шетелдік агенттер туралы заң" енгізуді ұсынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 15 наурыз 2025
Илон Маск роботтар мен адамдардың Марсқа қашан ұшырылғалы жатқанын айтты
-
13:24, 12 наурыз 2025
АҚШ пен Канада арасында тариф дауы ушықты
-
20:14, 10 наурыз 2025
Германия халқы ереуілдеп жатыр, ұшақтар ұшпай қалды
-
19:47, 10 наурыз 2025
Ұлыбритания маңында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, алапат өрт болды
-
18:15, 10 наурыз 2025
АҚШ USAID бойынша қолға алынған бағдарламалардың 83%-ын жапты