Үндістанда фестиваль кезінде піл адамдарға шабуыл жасады
© Сурет: pexels
Үндістандағы фестиваль кезінде сұмдық оқиға орын алды: мерекелік шеру кезінде піл бақылаудан шығып, жұртшылыққа шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Baku.ws дерегінше, белгісіз себеппен жануар кенеттен үрейленген. Ахмадабад қаласында өтетін басты мейрамдардың бірі – Ратха-ятраға бағыт алған 18 пілдің ішінде бұл жалғыз аталық болған.
Гүлдермен безендірілген піл, көрермендер жиналған топтан қорқып кеткен болуы мүмкін. Бақылаудан шығып кеткен жануар көшенің бойында жиналған адамдарға қарай жүгірген. Піл мен құлаған құрылымдар бірнеше адамды басып қалған. Таңқаларлығы, ауыр жарақат алғандар болмаған.
Оқиға куәгерлері дереу зардап шеккендерге көмек көрсеткен. Ал аталық піл соңынан тағы екі пілді ертіп, көше бойымен жүріп кетті. Ақырында, оларға тыныштандырғыш дәрі егілді.
Айта кетейік, Үндістанда жыл сайын пілдердің шабуылынан 100-ден 300-ге дейін адам қайтыс болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:29, 13 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдеді
-
10:26, 13 наурыз 2026
Жерге магниттік дауылдар соғады
-
15:44, 12 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде
-
12:56, 12 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы басшысы жарақат алды
-
12:42, 12 наурыз 2026
Қытайда үйрек баққан фермер кенеттен олжаға кенелді





