Украина майдан шебіндегі сарбаздарға берілетін сыйақы мөлшерін көбейтті
© Сурет: pixabay
Украина билігі "Контракт 18-24" бастамасының ауқымын кеңейтті. Енді бастама 25 жасқа дейінгі ерікті әскери қызметке кірген барлық сарбаздарға қолданылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңға сәйкес, әскери қызметшілер 1 миллион гривен көлемінде сыйақы алуға құқылы.
Украина Қорғаныс министрлігі бұл сыйақыны алу құқығы бар әскери қызметшілердің негізгі шарттарын атады. Олар:
- 25 жасқа дейінгі азаматтар әскери жағдай кезінде қызметке алынған немесе келісімшарт бойынша армияға кірген болуы керек.
- Кемінде 6 ай соғыс аймақтарында тікелей жауынгерлік әрекеттерге қатысқан болуы тиіс (2025 жылдың 13 ақпанына дейін).
- Қазіргі уақытта қызметін жалғастырып жатуы керек (2025 жылдың 13 ақпанына дейінгі үкімет қаулысы күшіне енген сәтте).
- Әскери тәртіп бұзушылықтар бойынша екі немесе одан да көп рет қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.
Қосымша жағдайлар
- Егер сарбаз 6 айға жетпейтін мерзімде соғысқа қатысып, жарақат алса немесе тұтқынға түссе (еріксіз жағдайда), ол да толық көлемде 1 млн грн төлем алады.
- Бұл сыйақы бір реттік төлем ретінде беріледі және жауынгердің банк картасына аударылады.
- Төлемдерді рәсімдеу әскери бөлім командирлеріне жүктеледі. Олар қажетті құжаттарды жинап, әскери қызметшінің бұрынғы бөлімшелерінен сұрау жіберу арқылы мәліметтерді толықтыруы тиіс.
Бұл шешім әскери қызметке ерікті түрде қосылған жастарды ынталандыру және әскердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мақсатында қабылданды.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:57, 26 наурыз 2025
Иранда хиджаб кимеген әйелді қамшының астына алды, бұған қоса ол 18 айға түрмеге қамалды
-
11:34, 26 наурыз 2025
Германияда пойыз жолаушысы 15 мың еуро тауып алды
-
11:23, 26 наурыз 2025
Ыстамбұлда көтеріліске қатысқан алпыс шақты адам қамауға алынды
-
10:13, 26 наурыз 2025
АҚШ-та отбасылы сенатор кәмелетке толмаған қызға зәбір көрсетпек болғаны үшін қамауға алынды
-
09:40, 26 наурыз 2025
Мұғалімдер Трампты АҚШ Білім министрлігін жаппақ болғаны үшін сотқа берді
Танымал жаңалықтар
-
12:30, 26 наурыз 2025
-
09:40, 26 наурыз 2025
-
10:13, 26 наурыз 2025
-
09:02, 26 наурыз 2025
-
11:57, 26 наурыз 2025
-
12:43, 26 наурыз 2025
-
10:31, 26 наурыз 2025
-
11:23, 26 наурыз 2025
-
09:51, 26 наурыз 2025
-
11:34, 26 наурыз 2025
-
09:33, 26 наурыз 2025
-
10:02, 26 наурыз 2025
-
10:40, 26 наурыз 2025
-
09:22, 26 наурыз 2025
-
10:25, 26 наурыз 2025