Түркияда жолаушылар автобусы аударылып, үш адам қаза тапты
© Фото: unsplash
Түркияның Балыкесир қаласында жолаушылар автобусы аударылды. Жүргізушінің көлікті басқара алмай қалуы салдарынан болған жол апатынан 3 адам қаза тауып, тағы 31 адам жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап жазуынша, оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары, құтқарушылар және полиция қызметкерлері тартылған.
Сурет: желіден алынған
Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Олардың бірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.
Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Ормуз бұғазы алдағы айларда ашылмаса, ғаламдық инфляция қазіргі 3,8 пайыздан 4,4 пайызға артуы мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 1 маусым 2026
Иран келіссөздерді тоқтатып, АҚШ-қа ультиматум қойды
-
10:57, 30 мамыр 2026
Түркияда бортында 110 адам болған кеме суға батып кетті
-
09:36, 29 мамыр 2026
Хантавирустың негізгі екі түрі аталды
-
13:00, 27 мамыр 2026
АҚШ-та зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты, тағы тоғызы табылмай жатыр
-
11:24, 26 мамыр 2026
Венесуэлада сотталушылар тергеу изоляторын басып алды





