Трамп Си Цзиньпинмен не туралы сөйлескендерін айтты
© Сурет: akorda.kz/flickr/Gage Skidmore
ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлескен АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, әңгіме барысында саясаткерлер "жақында жасалған және келісілген сауда мәмілесінің кейбір тұсын талқылаған".
Әңгіме шамамен 1,5 сағатқа созылды және Трамптың пікірінше, "ол екі елдің де оң жамбасына келеді".
"Енді сирек кездесетін өнімдердің күрделілігіне қатысты ешқандай мәселе болмауы керек. Біздің тиісті командалар жақын арада белгіленген орында кездеседі. Біздің тарапты қаржы министрі Скотт Бессент, сауда министрі Говард Лютник және АҚШ-тың сауда өкілі, елші Джеймисон Грир танытатын болады. Әңгімелесу барысында төраға Си Цзиньпин бірінші ханымды және мені Қытайға шақырды, мен де оған осындай ілтипатпен жауап бердім. Екі ұлы державаның президенттері ретінде біз бұл кездесуді асыға күтеміз", – деп жазды АҚШ президенті.
Сондай-ақ, Трамп әңгіме өзегі толығымен дерлік саудаға қатысты болғанын нақтылады.
"Ресей/Украина немесе Иран туралы ештеңе талқыланбады. Біз БАҚ-қа алдағы кездесудің кестесі мен орыны туралы алдын ала хабарлайтын боламыз. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!", деп сөзін түйіндейді Трамп.
Бұған дейін Трамп қауіпсіздік мақсатында 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





