Трамп министрлерімен сөйлескеннен кейін баж салығын енгізуді доғарды
© Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп екі министрімен сөйлескеннен кейін сауда баждарын енгізуді доғару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы The Wall Street Journal (WSJ) басылымы жазды.
Журналистер АҚШ президенті Қаржы министрі Скотт Бессентпен және сауда министрі Ховард Лютникпен кездесіп, талқы жүргізгенін атап өтті.
Олар осы ұрымтал сәтті пайдаланып, баж салығы мәселесінде Трампты өз дегендеріне көндіре алған көрінеді.
"Бірақ үлкен кедергі болды: президент кеңсесін үнемі айналсоқтап жүретін, тарифтерді жақсы көретін Трамптың сауда кеңесшісі Питер Наварро деген", – деп жазылған газетте.
Трамп сәуір айының басында 185 елдің өнімдеріне импорттық баж салығын күрт көтерді. Бірқатар мемлекеттер, соның ішінде АҚШ-тың жақын серіктестері үшін тарифтер тауарлардың кедендік құнының 20-30%-на дейін өсті. Алайда, көп ұзамай америкалық көшбасшы 75 елге, соның ішінде Еуропалық Одақ (ЕО) мемлекеттеріне баж салығы бойынша 90 күндік үзіліс жариялады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:41, 26 маусым 2026
Венесуэладағы жер сілкінісі: 188 адам қаза тауып, 37 мыңнан астамы із-түзсіз жоғалды
-
09:07, 25 маусым 2026
Венесуэлада күшті жер сілкіністерінен кейін төтенше жағдай жарияланды
-
21:35, 24 маусым 2026
Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылып қалды
-
14:31, 24 маусым 2026
Ресей дизельдік отын экспортына тыйым салмақшы
-
10:15, 24 маусым 2026
Испанияда турист теңізге секіріп, сал болып қалды





