Трамп Эпштейн ісі туралы құжат демократтардың «туындысы» екенін мәлімдеді
© Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің саяси бақталастары америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейнге туралы құпия құжаттардың бар екендігі туралы дабыраны ойдан шығарғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы өз ойын Трамп Truth Social-дағы парақшасында жариялады.
"Бір бітпейтін Эпштейннің жыры, тағы да, тағы. Неліктен Обаманың (АҚШ-тың 44-ші президенті Барак), сатқын Хилларидың (Клинтон), (Джеймс) Комидың, (Джон) Бреннанның және Байден әкімшілігінің (46-шы президент Джо) білгірлері мен қылмыскерлерінің "Russia, Russia, Russia", "51-тыңшы", "тозақтың ноутбугы" және тағы басқа жазған фантастикалық материалдарын біз не үшін жариялаймыз", деп жазды Трамп.
Саясаткердің айтуынша, демократиялық партия мүшелері Эпштейн құжатын Трампқа қарсы қолданылған "Хиллари Клинтон немесе Кристофер Стил туралы жалған құжаттары секілді қолдан жасаған".
АҚШ басшысы Федералды тергеу бюросы (ФБР) Эпштейннің құжаттарына емес, Джо Байден жеңіске жеткен 2020 жылғы сайлау кезінегі бұзушылықтарға мән беріп, қылмыскерлерді ұстауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және алаяқтықты тергеуге баса назар аударуы керектігін айтады.
"Неліктен бұл радикалды солшылдар Эпштейннің жазбасын осы күнге дейін жарияламады? Егер MAGA (Make America great again, Трамптың саяси ұраны) қозғалысына зиян тигізетін нәрсе болса, неге олар оны пайдаланбады?"- деген сұрақты да АҚШ президенті алға тартты.
2025 жылдың 6 шілдесінде Axios порталы АҚШ Әділет министрлігі мен Федералды тергеу бюросы Эпштейн ісіне қатысты ешқандай дәлелдер таппағанын хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 2 сәуір 2026
Танымал демалыс аймағында «кокаин акуласы» байқалды
-
12:29, 2 сәуір 2026
Ұмыт қалған чемоданнан 137 караттық әйгілі гауһар табылды
-
12:12, 2 сәуір 2026
Грекия аралын қан-қызыл аспан жапты
-
12:08, 2 сәуір 2026
Эверест тауында гидтердің альпинистерді әдейі улағаны туралы мәлімет тарады
-
11:58, 2 сәуір 2026
Үндістанда өзін «құдаймын» деп таныстырған ер адамға қатысты ірі жанжал шықты





