Ресейде Путиннің рейтингі 2014 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті - сауалнама

© Сурет: kremlin.ru
Путинді қолдау 50%-дан төмендеді
Егер келесі жексенбіде президент сайлауы өтетін болса, ресейліктердің 32 пайызы Кремльдің қазіргі басшысы Владимир Путинге дауыс береді. Бұған 2021 жылдың 25 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында жүргізген Левада орталығының сауалнамасының нәтижелері дәлел.
Сәуірмен салыстырғанда Путиннің сайлауалды рейтингі 8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, бұл 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Басқа ресейлік саясаткерлердің рейтингі айтарлықтай төмен.
Мәселен, Ресей Либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийді респонденттердің 3%, РФ Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюгановты 2% қолдауға дайын.
Бұл ретте респонденттердің 27%-ы дауыс бермейтінін айтса, 21%-ы таңдау туралы шешімге келмеген. Президенттік сайлауға қатысуға дайын екенін мәлімдеген респонденттердің арасында Путиннің рейтингі биылғы сәуірмен салыстырғанда 49%, 7%-ға төмен. 2014 жылдан бері алғаш рет Путинді қолдау 50%-дан төмендеді. Респонденттің үйінде жеке әңгімелесу әдісімен 137 елді мекенде барлығы 18 жастан асқан 1 603 адам сұралды.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады