Ресей мен Қытай тәуелсіз қаржы құрылымын құруға келісті
© Сурет: РФ президентінің баспасөз қызметі
Ресей президенті Владимир Путин мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей-Қытай сауда операциялары үшін тәуелсіз құрылым құру жайын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
Көшбасшылар арадағы сауда-саттықта рубль мен юань үлесін арттыру жайын қозғады.
Президент те, төраға да арадағы өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды, ресейлік және қытайлық инвесторлардың бір-бірінің қор нарықтарын емін-еркін қолдануын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты кеңейтуді жақтады. РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаков
Ушаков, идеяға сәйкес, ойластырылған бұл жүйе басқа елдер оған әсер ете алмайтындай болуы керек деп түсіндірді. Сонымен қатар, ол Мәскеу мен Бейжің аталған мәселені қазірдің өзінде талқылап жатқанын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





