Путин мен Байденнің бейнебайланыс арқылы келіссөздері басталды

© Сурет: РФ Президентінің баспасөз қызметі
Президенттердің қазіргі пікіралмасуы — Байден қызметке кіріскен сәттен бастап бесіншісі. Путин мен Байден үш рет телефон арқылы сөйлесіп, 16 маусымда Женевада кездесу өткізген болатын.
Владимир Путин мен Джо Байденнің бейнебайланыс арқылы келіссөздері басталды. Путин Сочидегі резиденциясынан, ал Байден Вашингтоннан байланысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көшбасшылар әңгімесіне киберқауіпсіздік, стратегиялық тұрақтылық және өңірлік проблемалар, атап айтқанда Украинадағы, Ауғанстандағы, Ирандағы, Ливия мен Сириядағы ахуал арқау. Сондай-ақ, президенттер Ресей-Америка қарым-қатынастарының жай-күйін талқылауға ниетті, деп хабарлайды ТАСС .
Президенттердің қазіргі пікіралмасуы — Байден қызметке кіріскен сәттен бастап бесіншісі. Путин мен Байден үш рет телефон арқылы сөйлесіп, 16 маусымда Женевада кездесу өткізген болатын.
Бұған дейін көшбасшылардың келіссөздері баспасөз үшін жабық режимде өтеді деп хабарланған болатын.
Сөз алмасу арадағы қарама-қайшылықтардың күшеюі аясында қолға алынды: Батыс Мәскеуді Украинаға "басқыншылықты" жоспарлады деп айыптайды және жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Ресей өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 15 мамыр 2025
Литва Орта Азиялық еңбек мигранттарын көптеп тартуда
-
11:51, 15 мамыр 2025
Тәжікстанда желідегі лүпіл үшін қылмыстық жауапкершілік жойылды
-
11:45, 15 мамыр 2025
Бішкекте қоғамдық дәретханалар жетіспейді
-
13:49, 14 мамыр 2025
Макрон Франция енді Украинаға қару бере алмайтынын мәлімдеді
-
13:22, 14 мамыр 2025
Ұлыбританияда соттың қателігінен 38 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты