Porsche, BMW және Audi-ді бүлдірген қытайлық балаға 39 мың доллар айыппұл салынды

11:24, 10 ақпан 2025

© Сурет: pixabay

Үш сәнді көлікті бүлдірген кішкентай бұзақыға бірнеше мың доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын баласы кәріз люкіне жарылғыш қағаз снаряд тастаған, бірнеше секундтан кейін ол жарылып, сол маңдағы қымбат көліктерге зақым келтірген. Бұл жайлы жергілікті басылымдар оқиғаның бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейнесін жариялай отырып жазды.

Бала физикалық тұрғыда зардап шекпеген. Оны полицейлер оқиға болғаннан кейін бір сағаттың ішінде ұстады. Бейжің заң фирмасының адвокаты баланың ата-анасыны зардап көлемінің азаюына үмітті екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ-тағы химиялық зауытта жарылыс болғандығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!