Нью-Йорк биржасында алтын құны күрт төмендеді
© Фото: unsplash
Comex сауда алаңында (Нью-Йорк тауар биржасы) алтын фьючерстерінің бағасы төмендеп, трой унциясы үшін 5 000 доллар межесінен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан уақытымен сағат 22:05-тегі жағдай бойынша, активтің құны 4 973 долларды құрады.
Ал сағат 20:00-де баға 5 083 доллар деңгейінде болған. Одан кейін 30 минут ішінде көрсеткіш күрт төмендеп, 4 910 долларға дейін түскен. Сағат 21:05-те алтын бағасы 4 968 долларға жетті.
Айта кетейік, алтынның бір трой унциясы 5 000 доллардан жоғары деңгейде 9 ақпаннан бері сақталып тұрған еді. Бағалы металл өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қымбаттай бастаған.
Бұған дейін доллар бағамы өсуі мүмкін екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді
-
13:13, 19 ақпан 2026
Ғалымдар Антарктидада гравитацияның әлсірегенін анықтады
-
12:37, 19 ақпан 2026
Австрияда ғашығын таудың шыңында қалдырып кеткен альпинист сот алдында жауап беруде
-
12:24, 19 ақпан 2026
Ресей мен АҚШ бір мәселе бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті





