Microsoft қолданушылардың браузерді таңдау құқығын қайта қалпына келтіреді
© Сурет: pixabay
Тиісті өзгеріс жаңа операциялық жүйенің жаңадан құрастырылған кезекті Insider-інде пайда болды.
Microsoft Windows 11 үшін тізбек бойынша браузерді жеңілдетілген жолмен таңдау мүмкіндігін қайта қалпына келтіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Verge басылымы жазғандай, жақында Windows 11 пайдаланушылары батырманы бір рет басып-ақ қалауы бойынша браузерді өзгерте алады.
Тиісті өзгеріс жаңа операциялық жүйенің жаңадан құрастырылған кезекті Insider-інде пайда болды.
Бұрын компаниядағылар қолданушыларға көбірек бақылау функциясын беру ниетінде жекелеген сілтемелер түрлерін қолмен реттеу тәсілін ұсынып келген. Brave, Opera, Firefox және Chrome-дағы бәсекелесуші браузерлерді құрастырушылар бұдан кейін шағымды үдеткен.
Бұрын Майкрософт браузерлерге қатысты күрделі мәселелерге тап болды: 2008 және 2013 жылдары Еуропалық Одақ билігі компанияға браузерлерді таңдау еркіндігі туралы монополияға қарсы заңнаманың талаптарына сай емес тауып, айыппұл салған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





