Марк Цукерберг Meta компаниясында бағалаудың жаңа жүйесін енгізді
© Сурет: Facebook/zuck
Биыл Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг қызметкерлерге берілетін бонустарды 300%-ға дейін арттыруды және оларды бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Business Insider мәліметінше, бонустың мөлшері бірнеше көрсеткішке байланысты болады. Атап айтқанда:
- Meta-премия – 300%: егер қызметкер команда кірісін арттырып немесе жаңа пайдаланушыларды тартуға айтарлықтай үлес қосса;
- Үздік нәтиже – 200%: жұмыс процестерін жақсартып, уақытты үнемдеп, жобаны елеулі деңгейде ілгерілеткен жағдайда;
- Жақсы нәтиже – 115%: өз жұмысын тұрақты түрде сапалы әрі талапқа сай орындаса;
- Күтілімге сай емес – 0–50%: мерзімдерді жиі өткізіп алса немесе жұмысты сапасыз атқарса.
"Бұл өзгерістердің басты мақсаты – ең жоғары нәтижеге қол жеткізген қызметкерлерді көбірек марапаттау және командалардың жалпы тиімділігін арттыру", – деп атап өтті Meta өкілдері.
Осылайша, Checkpoint деп аталатын жаңа бағалау жүйесі бұрынғы жыл сайынғы бағалау форматын алмастырады. Енді қызметкерлердің жұмыс нәтижелері жиі әрі жүйелі түрде талданып, төмендегі көрсеткіштерге ерекше мән беріледі:
- өнімдерге қосқан нақты үлес;
- бизнес көрсеткіштер;
- компанияның стратегиялық басымдықтары.
Meta басшылығының пікірінше, жиі әрі ашық кері байланыс қызметкерлер арасынан көшбасшыларды да, сондай-ақ қойылған талаптарға сай келмейтіндерді де дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін АҚШ 75 елдің азаматтарына виза беруді тоқтатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





