+18°C-қа дейін жылынады: «Қазгидромет» 11-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады
© Фото: zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанда шынайы көктем қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда күннің жылынуы шамамен 2026 жылғы 16–17 наурыздан басталады. Елдің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, 19–20 наурызға қарай нағыз көктемгі ауа райы орнайды.
Мәселен, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында күндіз ауа температурасы +15…+18°C-қа дейін көтеріледі деп болжануда.
Ал елдің солтүстігі мен орталығына жылылық сәл кешірек жетеді. Бұл өңірлерде аталған күндері -3…+5°C шамасында болып, кей жерлерде қар жауып, жел күшеюі мүмкін.
Сонымен қатар синоптиктер елдің үш ірі мегаполисі бойынша 11–20 наурызға арналған кеңес сипатындағы ауа райы болжамын ұсынды.
Астана бойынша ауа райы болжамы
11 наурыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с; күндіз 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары. Ауа температурасы түнде -27…-29°C, күндіз -13…-15°C.
12 наурыз: ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, түнде кейде 30 м/с және одан жоғары. Температура: түнде -11…-13°C, күндіз -3…-5°C.
13 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Төменгі бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.
14–15 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде аздаған қар. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Температура: түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C.
16–17 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.
18–20 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде -5…-7°C, күндіз -1…+1°C.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
11 наурыз: бұлтты, қар, түнде кей уақытта қалың қар. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Температура түнде -6…-8°C, күндіз де шамалас, кейін төмендеуі мүмкін.
12 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Температура: түнде -12…-14°C, күндіз -3…-5°C.
13 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Температура: түнде -6…-8°C, күндіз 0…+2°C.
14 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 8–13 м/с. Температура: түнде -5…-7°C, күндіз 0…+2°C.
15 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура: түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.
16 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Температура: түнде -1…-3°C, күндіз +3…+5°C.
17 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Температура: түнде шамамен 0°C, күндіз +4…+6°C.
18 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +8…+10°C.
19–20 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
11 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде қар, көктайғақ. Кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C.
12 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура: түнде -9…-11°C, күндіз +2…+4°C.
13 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Температура: түнде -4…-6°C, күндіз +6…+8°C.
14 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде -3…-5°C, күндіз +8…+10°C.
15 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.
16 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +13…+15°C.
17 наурыз: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +15…+17°C.
18 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.
19–20 наурыз: ауыспалы бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура: түнде +1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:15, 12 наурыз 2026
Алматыда Наурыз мейрамында қандай мерекелік іс-шаралар өтеді
-
19:00, 12 наурыз 2026
Биатлоннан әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды
-
18:54, 12 наурыз 2026
БҚО-да тоғыз жастағы бала өртеніп жатқан үйден бауырларын құтқарып қалды
-
18:40, 12 наурыз 2026
Абай облысында жүргізушінің көлігі қар суына батып қалды
-
18:24, 12 наурыз 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды





