Лондонда темір жолда жүрген адамдарды пойыз қағып кетті

09:38, 19 маусым 2018

Лондонда пойыз адамдарды қағып кетіп, салдарынан 3 кісі қаза тапты. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Төтенше жағдай қаланың оңтүстігіндегі ЛАфборо қиылысында болған. Құқық қорғау органдары осы жайтқа байланысты іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Лондон полициясы болған оқиғаға қатысты куәгерлердің тез арада құзіретті мекемемен байланысқа шығуын сұрайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!