Қытай зымыран ұшырып, үш жерсерікті орбитаға шығарды

21:54, 8 қыркүйек 2025
MKZ: 1502334

© Сурет: pixabay

Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан үш жерсерікті орбитаға шығару үшін "Цзилинь университеті-Церера – 1 (Яо-15)" зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

China Daily газеті жазғандай, зымыранды Beijing Galactic Energy компаниясы жасаған. Оның президенті Лю Цзяньшэ - Цзилинь университетінің түлегі, модельдің техникалық жетекшісі және бас командирі.

Бұл зымыран әлемдік коммерциялық ұшыру нарығындағы шағын тасымалдаушылар арасында ең үнемді әрі бәсекеге қабілеттісі болып саналады.

"Біз Қытайдың коммерциялық ғарыш саласын ілгерілету үшін "Церера" сериялы зымырандарды жетілдіруді, өнімнің сапасын бақылауды жақсартуды және көптеп ұшыру мүмкіндіктерін арттыруды жалғастырамыз", – деді Beijing Galactic Energy президенті және Цзилинь университетінің түлегі Лю Цзяньшэ.
 

Бұған дейін Антрактида түбінен табылған олжа ғалымдарды таң қалдырғанын жазғанбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!