Қытай ғалымдарын тәнті еткен Әдемі беделді ЖОО-дан шақырту алды
© Сурет: apply.edUHK.hk
Қазақстандық оқушы Ғабитқызы Әдемі білім беру технологиялары мен жасанды интеллект саласындағы Азияның жетекші университеттерінің бірі – Гонконг білім беру университетінен (EdUHK) ресми шақырту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, Әдемі Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 10-сыныпта (РФММ) оқиды. Гонконгқа сапары аясында ол университет басшылығымен және АИ саласындағы жетекші профессорлармен кездесті, соның ішінде:
- Dr. Gary Cheng – Executive Co-Director LTTC, Associate Professor,
- Dr. Henry So – Associate Director LTTC, Senior Lecturer.
"Оның біліміне, ойлау логикасына және жоғары санасына тәнті болған университет өкілдері Әдемінің дайындық деңгейіне, сондай-ақ Қазақстандағы білімнің жоғары сапасына таңданыс білдірді. Әдемінің арқасында Гонконгта қазақстандық оқушылардың таланты мен РФММ-дегі зияткерлік дамудың бірегей атмосферасы жайлы кеңінен сөз қозғалды. Әдеміні құттықтап, оның біліміне әрі дамуына ат салысқан мұғалімдер мен тәлімгерлерге алғысымызды білдіреміз!", - деп атап өтті алматылық оқу орнындағылар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:48, 6 тамыз 2026
Ұлыбританияның корольдік отбасында жаңа мұрагер дүниеге келді
-
11:57, 5 тамыз 2026
Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды
-
11:06, 5 тамыз 2026
Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты
-
11:25, 4 тамыз 2026
Мысырда жойқан жер сілкінісі болды: тұрғындарға зақымданған ғимараттарға жақындамауға кеңес берілді
-
09:44, 4 тамыз 2026
Зеленский Ресейді бітімге шақырды: келісімнің үш нұсқасы ұсынылды





