Қырғызстанда автокөлік салығы алынып тасталды
© Сурет: freepik
Қырғызстанда автокөлік салығы алынып тасталды. Бұл туралы 2025 жылы 8 қаңтарда Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дәлел ретінде президент жазбасында былай делінеді:
"Мен автокөлік салығын алып тастауға тапсырма беріп, тиісті жарлыққа қол қойдым. Енді көліктерге салық салынбайды. Соны дұрыстап түсіндіріп өтейін".
Бұйрыққа сәйкес, президент автокөлік салығын толығымен алып тастаған.
"Бұған жаңа заңның күшіне енуі түрткі болып отыр. Енді қырғыздардан "Жол қоры туралы" заң бойынша жанар-жағармайдың әр литрі үшін 1 сом (6 теңге 11 тиын) алым алынады. 1 қаңтардан бастап көлікке құйылған жанармай мен дизельді отынның әр литрі үшін 1 сомнан алынады". Садыр Жапаров
Сонымен қатар ол 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін автокөліктерге салық төлемеген азаматтарға амнистия жариялауды тапсырды.
"Мұндай салық төлемегендерің саны тым көп. Заңды және жеке тұлғалардың 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қарызы да толық кешіріледі. Үлкен қиындықтарға қарамастан мемлекет осындай шешім қабылдады". Садыр Жапаров
Сонымен қатар Садыр Жапаров фермерді салықтан босату туралы мораторийді 2030 жылға дейін созғанын хабарлап, халқына бюджеттің басым бөлігі салықтан тұратынын, сондықтан бұл төлемді уақытылы жүргізу керектігін еске салды.
Айта кетсек, 2024 жылғы 18 желтоқсанда Қырғызстанның министрлер кабинетінің жаңа төрағасы болып Әділбек Қасымалиев тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 9 қаңтар 2025
Түркия Сириядағы ықтимал операцияға байланысты жауынгерлік дайындық өткізуде
-
16:14, 9 қаңтар 2025
Грузияның бұрынғы президенті Зурабишвили жаңа жұмысқа орналасты
-
13:01, 9 қаңтар 2025
Қытайда тағы бір індет тіркелді
-
11:35, 9 қаңтар 2025
Чад президенті сарайының маңында атыс болды
-
10:57, 9 қаңтар 2025
Полиция Нельсон Манделаның немересін тұтқындады