Кабулда Наурыз мейрамын тойлау басталды

09:16, 22 наурыз 2017

Ауғанстан астанасы Кабулде наурыз мейрамын тойлау басталып, қала тұрғындарының бірқатары шаһардағы Сахи ғибадатханасының алдына жиылды.

Мұнда түрлі шаралар ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Бірақ қала билігі биыл қасиетті орынның алдындағы мерекелік шараға қатысқан адамның қарасы өткен жылға қарағанда аз дейді.

Себебі лаңкестік әрекеттер көбейгендіктен адамдар үрейлі.

Сонымен қатар «Талибан» қозғалысының да әсері бар.

Өйткені өткен ғасырдың соңында елді билеген тәліптер тұрғындардың наурыз мейрамын тойлауына тыйым салған болатын.

Али Язданпараст, Кабул қаласы кеңесінің мүшесі:

-Мен ауған халқын наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа жыл жақсылыққа толы болсын дегім келеді. Әр отбасыға бақыт, аман-саулық тілеймін.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!