Испаниядағы пойыз апатынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма

19:20, 28 қазан 2026
MKZ: 1574861

© Сурет: pixabay

Испаниядағы теміржол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Испаниядағы теміржол апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. ҚР СІМ деректерді тексеруді жалғастырып жатыр", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кемінде 64 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алғанын хабарлаған едік.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа адам қателігі себеп болуы мүмкін. Оқиғадан кейін Мадрид пен Андалусия арасындағы жоғары жылдамдықты пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!