Газа секторында аштықтан өлген адамдардың саны артуда
© Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Адханом Газа секторында тойып тамақ ішпеуге байланысты өлім-жітім деңгейінің күрт өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол аштықтан әлсіреген адамдарды емдеу орталықтары кісіге толып кеткенін атап өтті.
"Газа секторындағы әскери іс-қимыл аймағында қалып кеткен 2,1 миллион адам төбеден түскен бомбалар мен зулыдаған оқтардан бөлек тағы бір проблемаға тап келуде. Ол – аштық. Қазіргі уақытта біз аштыққа байланысты өлім-жітім деңгейінің күрт өсімін байқап отырмыз. 17 шілдеден бастап аштықтан әлсірегендерді емдеу орталықтары толып кетті және тамақ қоры түгесілген", – деді ДДСҰ басшысы.
Оның айтуынша, биыл ДДСҰ Газада бес жасқа дейінгі балалар арасында тойып тамақтанбауға байланысты 21 өлімді тіркеді. Гебрейесус ашқұрсақтық көрсеткіштері халықтың 10%-дан астамын құрайтынын атап өтті. Атап айтқанда, жүкті және бала емізетін әйелдердің 20%-дан астамы тойып тамақтанбаудан ауыр зардап шегеді.
ДДСҰ басшысы аштық дағдарысы гуманитарлық көмекті жеткізуді доғару және оған қол жетімділіктің қолданыстағы шектеулері аясында күшейіп жатқанын айтады.
Оның айтуынша, Газада су тапшылығымен үй шаруашылықтарының 95%-ы бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте берілетін су күнделікті тұтынысқа, тамақ дайындауға және гигиенаны сақтауға қажетті көлемнен әлдеқайда төмен екені нақтыланады.
"БҰҰ мен гуманитарлық серіктестер гуманитарлық және коммерциялық тасымал жолдарының толықтай блокадасына байланысты 80 күн бойына Газа секторына азық-түлік жеткізе алмай отыр. Содан бері азық – түлік жеткізілімдері үзіп болсын, арасында қайта жанданады, бірақ олардың көлемі халықтың өмір сүруі үшін қажетті деңгейден әлдеқайда төмен", - дейді ол.
Бұған дейін 300 миллионға жуық адам аштықтан өлу қаупі бары хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





