Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді

12:45, 23 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Гарвард университеті президент Дональд Трамп әкімшілігін сотқа берді.

Себебі элиталық оқу орны мемлекеттің 2,3 млрд доллар қолдауынан айырылған. Айта кетсек, Трамп билікке келгелі университеттердегі солшыл идеологиямен, антисемитизммен күреске кірісті.

Оған әсіресе Газа секторында соғыс басталғалы білім ордаларында Израильге қарсы шерулердің өтуі ұнамаған. Трамп Принстон, Корнелл, Браун университеттерін де қаржыландыруды тоқтатты. Бірақ Гарвард қана сотқа шағымданған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дегенмен Американың 100 университеті мен колледжінің президенті Ақ үйдің жоғары білім саясатына, жалпы үкіметтің ғылымға үстемдік ете бастауына наразылық білдіріп, ортақ мәлімедеме жариялады.

Алайда Ақ үй бұл жағдайларға қатысты әзірге түісініктеме берген жоқ.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!