Ғалымдар ғарышқа ұшқаннан кейін ғарышкерлердің миында деформация болатынын анықтады
© Сурет: freepik
Ғарышқа ұшудың адам денсаулығына әсерін зерттеген жаңа ғылыми жұмыс ғарышкерлердің миының орналасуы мен пішіні уақыт өте өзгеретінін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, ғарышта болғаннан кейін ми бас сүйек ішінде жоғары әрі артқа қарай ығысады, ал ең айқын өзгерістер сезімталдық пен қозғалысқа жауап беретін аймақтарда байқалады.
Ғалымдардың айтуынша, мида аймақтық, сызықтық емес бүйірлік деформациялар орын алады және олар мидың жоғарғы және төменгі бөліктерінде әртүрлі сипатта көрінеді. Атап айтқанда, зерттеушілер 26 ғарышкердің ұшуға дейін және Жерге оралғаннан кейін түсірілген МРТ-суреттерін талдаған.
"Ғарыштық ұшуларға байланысты ми ығысуы мен деформациясының адам денсаулығы мен еңбек қабілетіне әсері әлі толық зерттелмеген. Бұл мәселе ғарышты қауіпсіз игеру жолын ашу үшін қосымша зерттеулерді қажет етеді", – деп атап өтті ғалымдар.
Олардың айтуынша, деформациялардың көп бөлігі ұшудан кейін алты ай ішінде жоғалады, алайда кейбір өзгерістер сақталып қалуы мүмкін.
Зерттеу авторларының бірі, Флорида университетінің қолданбалы физиология және кинезиология кафедрасының профессоры Рэйчел Сайдлер бұл өзгерістерді және олардың ықпалын терең түсіну ғарышкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ұзақ мерзімді жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ-тың Айға "қауіпсіз" ядролық реактор орнатып, бірінші болып қоныстануды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:21, 23 қаңтар 2026
Ресей азаматы «Эйфель мұнарасынан құлап», ауруханаға түсті
-
14:53, 23 қаңтар 2026
WhatsApp-та жаңа маңызды мүмкіндік пайда болады
-
13:15, 23 қаңтар 2026
Чилиде астрономдар сирек кездесетін ғарыштық құбылысты тіркеді
-
12:27, 23 қаңтар 2026
Жапонияда бұрынғы түрмені сәнді қонақүйге айналдырды
-
11:04, 23 қаңтар 2026
АҚШ Венесуэламен диалогты қалпына келтіру үшін жаңа дипломат тағайындады





