Ғаламшардың қай бөлігінде мұхит суының жылдам жылып жатқаны анықталды
© Сурет: freepik
Жаңа Зеландия маңындағы мұхиттар Жер бетіндегі басқа аймақтармен салыстырғанда 34%-ға жылдам жылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Жаңа Зеландияның Қоршаған орта министрлігі мен Статистика басқармасы дайындаған "Our Marine Environment 2025" есебінде айтылған.
Ғалымдардың бағалауынша, ғасырдың ортасына дейін кейбір жағалау аймақтарында теңіз деңгейі 20–30 сантиметрге көтерілуі мүмкін. Бұл бұрын "ғасырда бір рет" болатын апатты дауылдардың жыл сайын қайталануына әкелуі ықтимал.
Мұндай өзгерістер жағалаудағы үйлерге, жолдарға, инфрақұрылымға және экожүйелерге үлкен қауіп төндіреді. Қазірдің өзінде жалпы құны 103 миллиард доллар болатын 219 мыңнан астам құрылыс пен 15 миллиард долларға бағаланатын инфрақұрылым қауіп аймағында тұр.
Сонымен қатар зерттеушілер Субтропикалық шеп — жылы және салқын мұхит ағындары бөлінетін шекара батысқа қарай 120 км-ге жылжып кеткенін анықтаған. Бұл Жаңа Зеландия маңындағы мұхит циркуляциясының ауқымды өзгеріске ұшырап жатқанын көрсетеді.
Бұған дейін Вьетнамдағы найзағай мен нөсер жауыннан кейінгі тасқын бірнеше адамның өмірін жалмағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





