Әзербайжан мен Армения бейбіт қарым-қатынас туралы декларацияға қол қойды
© Сурет: whitehouse.gov
Әзербайжан мен Армения басшылары бейбіт қарым-қатынас туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа 2025 жылғы 8 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамптың араағайындығымен Ақ үйде екі ел басшыларымен жүргізілген келіссөздер барысында қол қойылды.
Декларация мәтінінде "аймақта және оған іргелес аумақтарда бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеуге жәрдемдесу мақсатында, мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығын және юрисдикциясын құрметтеу негізінде, екі ел арасындағы байланыстарды ашудың ішкі, екіжақты және халықаралық тасымалдар үшін маңыздылығы" атап өтіледі.
Сондай-ақ құжатта "Әзербайжан Республикасының негізгі бөлігі мен оның Нахчыван Автономиялық Республикасы арасында Армения Республикасы аумағы арқылы, Армения Республикасының халықаралық және ішкі байланыстарына өзара тиімді түрде, кедергісіз қатынасты қамтамасыз ету" қажеттігі жазылған.
Декларацияда қақтығыссыз, жарқын болашаққа бағыт алу қажеттігі де мойындалады. Бұл қадам БҰҰ Жарғысы мен 1991 жылғы Алматы декларациясына сәйкес болуға тиіс деп көрсетілген.
"35 жылдан астам уақыт бойы Армения мен Әзербайжан екі елге де орасан зор зардап әкелген қатаң қақтығыс жүргізді… Көп адам шешім табуға тырысты… бірақ нәтиже болмады. Осы келісімнің арқасында біз ақыры бейбітшілікке қол жеткіздік", - деп Ақ үй сайты Дональд Трамптың сөзін келтіреді.
Бұған дейін АҚШ президенті 8 тамызда Ақ үйде Әзербайжан басшысын және Армения премьер-министрін "тарихи бейбітшілік саммиті" аясында қабылдайтынын мәлімдеген болатын.
Бұл оқиғаға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, оның маңызды тарихи жетістік екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





